Спортшылардың Азиада ойындарына дайындық барысы қалай?

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда спортшыларымыздың Азиадаға дайындық барысымен танысты, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қазақстандық спортшылар заманауи және жайлы қонақүйде, бір және екі орындық бөлмелерге орналасқан.

"Министр бірінші кезекте тұрғын үй-жайларды қарап шықты. Одан кейін спортшыларымыз тамақтанатын асханаға барды. Спортшылардың дені Ханчжоуға келді, бірақ соған қарамастан еш жерде кезек байқалмады. Бұл ұйымдастыру деңгейі мен сапасы жоғары екенін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың медициналық штабын да назардан тыс қалдырмады. Қытайға спортшылардың физикалық жағдайын мұқият бақылайтын 50-ге жуық маман барды. Дәрігерлер 24/7 жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Министрлік Қазақстан командасы осы жарыстарға барынша қолайлы жағдайда қатыса алатындай үлкен жұмыс атқарды, ал спортшылар мен жаттықтырушылар-кез келген уақытта дәрігерлер мен жедел штаб тарапынан қолдауға сене алады. Әрине, біздің күш-жігеріміз бекер болмай, ұлттық құрама Азиадада сәтті өнер көрсетіп, өз жемісін береді деп үміттенеміз. Біз жарыстың басталуын күтеміз, спортшыларымызды қолдаймыз және олардың жеңісіне сенеміз", - деді Ермек Маржықпаев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр