Азиада-2025: Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделькина қысқа бағдарламада төртінші орын алды

Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша жарыстар аяқталды.

Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасынан медаль үшін Софья Самоделкина мен София Фарафонова таласуда.

Самоделкина төрешілердің шешімі бойынша 63,31 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық төртінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді.

Фарафонова болса 45,63 ұпай жинап, қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша сегізінші орынға тұрақтады.

Көшбасшы атанған – атақты жапондық спортшы Каори Сакамото, ол 75,03 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған