Азиада-2025: Қазақстан құрамасына алғашқы медаль түсті

 Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының алғашқы алтын медаль иегері анықталды. 

olympickz

Алматы, NEGE. Шорт-тректен 2000 метрге сырғанаудан аралас командалық эстафета қатысушылары Харбин қысқы Азия ойындарының алғашқы жүлдегерлері атанды.

Финалда Корея, Қытай, Жапония және Қазақстан құрамасы өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек алаңға шықты.

Жарыс кезінде отандастарымыз шеберлік байқатып, үшінші орынды сақтады. Алайда, соңғы сәтте көш басындағы Қытай спортшысы жарыс жолынан шығып қалып, Корея командасы чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы мәреге екінші болып жетті.

Қортынды нәтиже:

1. Корея (2 минут 41.534 секунд)

2. Қазақстан (2 минут 42.258 секунд)

3. Жапония (2 минут 44.058 секунд)

4. Қытай (2 минут 59.057 секунд).

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін