Ажырасқан жігіт бұрынғы әйелінен кек алмақ болған

Желіге ер адамның әйел мен балаларын қорқытқаны туралы видео тарады.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Видеода жас келіншекке бұрынғы күйеуінің қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын көруге болады. Ол үйдің терезесін сындыруға оқталған.

Жалпы, келіншекті бұрынғы күйеуі үнемі аңдиды екен. 2018 жылы ажырасса да қырсоңынан қалмайтын көрінеді. Тіпті, қала ауыстырса да сол жерге барып, әйелге тыныштық бермейтін болған. Енді әйел әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрап отыр.

Ашумен мені өлтіруге оқталып жүр. Әкімшілік қамақ әсер етпейді. Қанша рет қамалды. Сынбаған жерім жоқ. Сот сараптамасы өзгеріп кетеді. Не үшін өзгертілетіні белгісіз. Тергеушілер «оны ұзақ қамау үшін аяқ-қолыңыз сыну керек» дейді. Қатты таяқ жесем, өліп қаламын ғой, - дейді келіншек.

Қазір шарасыз әйел отандық телебағдарламаның бәрінен өзіне көмек көрсетуін сұрап отыр.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды