Әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды

Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды.

Алматы, NEGE. Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде болды. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы 4 метр тереңдіктегі әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен. «112» қызметіне хабарлама түсісімен оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 құтқарушысы мен жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері барды. Құтқарушылар арқанның көмегі арқылы баланы алып шықты. Ауруханада тексеруден өткеннен кейін жеткіншек үйіне жіберілді. «Қазір баланың жағдайы бір қалыпты қалыпты», -– деді Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды