«Әжеден ғибрат» клубы құрылды
Ақтау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Әжеден ғибрат» клубы құрылды.
Алмаы, NEGE. «Әжеден ғибрат» клубы саналы тәрбие мен салт-дәстүрді жас ұрпақ бойына сіңіру үшін танымдық сабақтар өткізеді.
16 ақпан күні клуб мүшелері «Microsoft Teams» онлайн платформасында бас қосып, алғашқы кездесу өткізді.
Клуб мүшелігінде 7, 8 және 11-сынып оқушыларының әжелері бар.
Олар әзірге «Халқын сүйген – салтын сүйер», «Он саусағынан бал тамған», «Қазақ – қонақжай халық» атты үш тақырыпта сабақ өткізеді.
Әжелер алдағы уақытта ұлттық сусындар мен тағамдарды дайындау әдісін көрсетеді. Бұдан бөлек, киіз үй жабдықтары мен тоқыма тоқу, ою бастыруды үйретеді.