«Аждаһаның жүрегі» топ жарды

«Жас Алаш» газеті ұйымдастырған  «Қазақ пен қала» байқауы мәреге жетті. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқауға 45 жасқа дейінгі жазушылар қатысты.

Алматы, NEGE. Қазылар алқасының шешімімен «Аждаһаның жүрегі» әңгімесі үшін Нұрбек Нұржанұлы бірінші орын алды. 2-орынға Әлихан Нұрбергенұлының «Тамұқтағы жалғыздық» әңгімесі лайық деп танылса, 3-орынды Бекзат Алтынбек «Қабылдау кестесі» әңгімесі үшін алды. 

Есенқұл Маманұлы атындағы арнайы жүлдені «Соңғы трамвай» әңгімесімен Досхан Жылқыбай еншіледі. Бұл сыйлықты «Асылтас» Қоғамдық Қорының президенті, меценат Дулат Тастекеев тағайындаған.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты