Ажар Салықова алтын алды

Қарағандылық Ажар Салықова 65 келі салмақ дәрежесінде Мәскеуде өткен самбодан «А.Харлампиевтің мемориалы» әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Алматы, NEGE. Екі күн ішінде 21 медаль жиынтығы ойнатылды. Армения, Бахрейн, Беларусь, Болгария, Грекия, Грузия, Қазақстан, Камерун, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді 16 елден келген 300 спортшы бақ сынасты.

Ажар Салықова – дзюдодан ҚР спорт шебері. ҚР бірнеше дүркін чемпионы. Дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Үндістан, Кочи).

Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан ҚР үш дүркін чемпионы. Самбодан (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақ күресінен спорт шебері – ҚР чемпионы.

Самбодан әлем чемпионатында бойжеткен 2019 жылы қола медальге ие болды. Содан кейін ол осы спорт түрімен бір жыл ғана айналысқан, бірақ ол жарыстарға қатысу тәжірибесін жинап, алға қадам басты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты