1 августа 2023 г. 19:39

Ажар Ғиният Қарағандыдағы балалардың неден улануы мүмкін екенін айтты

Фото:

Ажар Ғиният Қарағандыдағы бала өлімінің алдын ала себебін атады.

Алматы, NEGE. Дәрігерлер үлкен консилиум өткізіп жатыр.

«Барлық нұсқаларды қарап жатырмыз. Ішек ауру инфекциясына ұқсамай тұр. Барлық анализдері, зерттеулер тексеруде болғандықтан нақты клиникалық диагнозды қою әлі мүмкін емес. Өлімнің себебі өкпе жүрек жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Қазір он бес шақты дәрігер үлкен консилиум өткізіп жатыр. Оның ішінде еліміздің бас инфекционист дәрігері, республикалық деңгейдегі елордалық дәрігерлер бар»,-деді министр БАҚ өкілдеріне арнап өткізілген брифингте.

Барлық биологиялық материалдар сараптамаға жіберілген.

Тегтер: