15 июня 2023 г. 13:20

Ажар Ғиният Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегіне қатысты пікір білдірді

Фото:

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында ВИЧ инфекциясын жұқтыру фактілеріне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Енді толыққанды эпидемиологиялық тергеу жүргізуіміз керек. Аурухана ішінде таралмау үшін инфекцияның ошағын тауып, жұқтыру жолдарын анықтау қажет. Министрлік пен комитеттердің ең үздік мамандары сол жаққа жіберілді», - деді министр.

Айтуынша,тексеру өткен соң толыққанды ақпарат беріледі.

14 маусым күні Алматының ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасынан ВИЧ жұқтырған үш жағдайды анықтаған болатын. 

Тегтер: