Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрі қазақстандық дәрігерлерге алғыс айтты

Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Хатта: «Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз», – делінген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерлерге алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды