Әзербайжанда ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерімен қоштасу рәсімі өтті

29 желтоқсан күні Баку халықаралық әуежайында Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ экипажымен қоштасу рәсімі өтті. Шараға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен бірінші ханым Мехрибан Әлиева қатысты.

minval.az

Алматы, NEGE. Қаза тапқан экипаж мүшелері Баку-Грозный рейсін орындап жатқан ұшақ апатында мерт болды. Әзербайжанның мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғалары да рәсімге қатысып, марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты.

Айта кетейік, Әзірбайжанда 26 желтоқсан қаралы күн деп жарияланған еді. Сондай-ақ, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 25 желтоқсан күні ұшақ апатын білген соң бірден, Ресейден Бакуге оралды. Ол ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне қатысу үшін Ресейге барған. Президент қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады