Әзербайжан Газаға әскер жіберуі мүмкін

Әзербайжан соғыстан кейінгі Газаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін Халықаралық тұрақтандыру күштері құрамына әскер беруге келісім берді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгінге дейін Газаға әскер жіберуге тек Индонезия ғана келіскен (БҰҰ мандатымен 20 мың сарбаз). The Times of Israel мәліметінше, АҚШ басқа елдермен де келіссөз жүргізген. Оның ішінде Әзербайжан да бар.

Өткен айда БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өткен көпжақты кездесу кезінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трампқа Анкараның да Газаға әскер жіберуге дайын екенін айтқан. Алайда соғыс басталғалы бері Анкара мен Тель-Авив арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына байланысты Израильдің түрік әскерін Газаға кіргізуге келісетіні немесе келіспейтіні белгісіз.

13 қазанда АҚШ, Мысыр, Қатар және Түркия көшбасшылары Египеттегі Шарм-эль-Шейх бейбітшілік саммитінде Газадағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, оған кепілдік беретін тараптар болуға келіскен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?