Әзірбайжанда парламент сайлауы қашан өтеді?

5 желтоқсанда Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Милли Межилисті (парламент) таратып, кезектен тыс сайлау өтетін мерзімді 2020 жылдың 9 ақпанына белгіледі. Әлиевтің жарлығы оның ресми сайтында жарияланды.

Алматы, NEGE. Бірнеше күн бұрын Әзірбайжан парламенті елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу үшін өзін-өзі тарату ұсынысымен Әлиевке қайырылған. Жетекші «Жаңа Әзірбайжан» партиясы мұны биліктегі «кадрлық өзгерістерді халықтың оң қабылдауымен» түсіндіріп, парламент те «қайта жаңаруы» тиіс деп мәлімдеген.

Елдегі «Демократиялық күштердің ұлттық кеңесі» оппозициялық партиясы кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге қарсы шыққан. Оппозициялық күштер бұл қадам Әлиев отбасының билігін нығайту үшін жасалған деп санайды.

2019 жылдың қазан айында Әзірбайжанның премьер-министрі Новруз Мамедов отставкаға кетіп, орнына Али Асадов тағайындалған. Асадов бұған дейін Илхам Әлиевтің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. Билік үкімет басшысының «реформа» аясында ауысқанын мәлімдеген. Кейін Президент әкімшілігінде де ауыс-түйістер болған. Кейбір бөлімдер жабылып, қалғандарында қысқартулар жүріп, жетекшілері ауысқан.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты