Әзербайжанда коронавирус жұқтырған адам бар

Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайдың анықталғанын растады

.

Алматы, NEGE. Агенттіктің хабарлауынша, инфекция жұқтырған – Ресей азаматы. Иран- Әзербайжан бағытында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан коронавирустың алғашқы белгілері анықталған, осыған байланысты вирус жұқтырған азамат аурухананың арнайы инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жүргізілген сынамалар мен тестердің қорытындысы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар, вирустың таралуын және оның салдарын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдануда. Қажетті ақпаратты алу үшін пациентпен байланысқан адамдарды анықтау, оның вирусты қайдан жұқтырғанын, сондай-ақ таралу жолдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды