Әзербайжан карантинді ай соңына дейін созды

Әзербайжан Үкіметінің қасындағы жедел штабтың мәліметінше, елде карантиндік режим мамыр айының 31-іне дейін сақталады.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, жаңадан ауру анықталғандар мен жазылғандардың санын ескере отырып Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран, Абшерон ауданы және тағы бірқатар өңірлерде кейбір шектеулерді кезең-кезеңімен жұмсарту жөнінде шешім қабылданды. Аталған жерлерде 4 мамырдан бастап мемлекеттік мекемелердің, сауда нысандарының, шаштараздардың, сән салондарының жұмысы жанданады. Карантин кезінде елде қоғамдық орындарда, парктерде, қоғамдық тамақтану орындарында 10 адамнан көп шоғырлануға болмайды. Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде жұмыстың тоқтауы 31 мамырға дейін созылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?