«Азаматтық сараптама» жобасы басталды

Қазақстандағы Covid 19-ды қоғамдық бақылау ресми тобы мен Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп «Азаматтық сараптама» онлайн жобасын басталды.

Алматы, NEGE. Бұл жоба әлеуметтік-экономикалық жағдайды мемлекеттік билік органдарына тәуелсіз қоғам мүдделері тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты – сарапшылық қоғамдастықтың рөлін арттыру, қоғамдық пікірталастарды кәсіби платформа, білім мен нақты тәжірибеге сүйене отырып, ең тиімді шешімдерге басты назар аударатын арнайы алаңдарда өткізу.

«Біз сауалнамалар жүргіземіз, жарияланымдарға, соның ішінде әлеуметтік желілерге сараптама жасап, сарапшыларға сұхбат береміз, салалық коалициялардың қызметіне тоқталамыз, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік органдармен кездесулер, конференциялар, қоғамдық пікірсайыстар, онлайн-пікірсайыстар өткіземіз», – делінген хабарламада.

Жиында талқыланған негізгі мәселе - мемлекет қаржыландыратын гранттарға қатысты.

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға жүздеген миллион теңге жұмсалады.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды