«Азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасып қалған» – Өзін өртемек болған адамның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

2025 жылдың 25 тамызында сағат 22:06-да Алматы қаласының әуежайындағы «Т-1» терминалында ер адам өзін өртемек болды.

видео-скрин

Алматы, NEGE. «Полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп жедел қауіпсіздік шараларын қабылдады. Олар өртті сөндіріп, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық себептері мен мән-жайлары анықталуда», – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ер адамның мұндай әрекетке баруына қандай жағдайдың себеп болғаны да айтылды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оның мұндай қадамға баруына азаматтық некедегі жұбайымен арадағы жанжал себеп болған. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады», – деп нақтылады полицейлер.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті