28 июля 2023 г. 18:04

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» филиалының директоры ұсталды

Фото:

2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады, деп хабарлайды ҰҚК.

Алматы, NEGE. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Тегтер: