Азаматтардың қарызы туралы мәліметтер салық органдарына берілетін болады

Қазақстанның Қаржы министрлігі кредиттік бюроның мемлекеттік кірістер органына жеке тұлғалардың қарыздары бойынша несие  деректерін ұсыну қағидаларын жариялады.

Pixabay

Астана, NEGE. Бұл 2025 жылдың 10 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында коллекторлық және/немесе микрокаржылық ұйымдар алдында міндеттемелері бар, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруы тиіс қазақстандықтарға қатысты болмақ.

«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті осы жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей, есепті жылдың 31 желтоқсанды қоса алғандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыру жөнінде міндеттемесі пайда болған жеке тұлғалардың тізімін қалыптастырады», – делінген құжатта.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін қолданыста болады.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды