Азаматтар ақылы негізде әскери дайындықтан өте алады

Азаматтар күнделікті жұмыстарынан қол үзбей-ақ, ақылы негізде әскери дайындықтан өте алады, деп хабарлады Мәжіліс. 

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түзетулер аясында әскери дайындықтан өту кезеңінде әскери қызметке міндеттілерге орташа жалақы төлеу ұсынылады. Ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы төленеді. Сонымен қатар әскери білімді жетілдірудің баламалы нұсқасы – әскери міндеттілер үшін ақылы негізде курстық оқыту енгізіледі.

Азаматтарға әскери жиындарға шақыртусыз және күнделікті жұмыстарынан қол үзбей-ақ, тұрғылықты жерінде әскери оқу орындарында, білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда (факультеттерде), сондай-ақ әскери-техникалық мектептерде ақылы негізде әскери дайындықтан өту мүмкіндігі беріледі.

Оқу жұмыстан тыс уақытта жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде