Азамат соғысынан қалған алты снаряд табылды

Батыс Қазақстан облысында азамат соғысы кезінен қалған алты снаряд табылды.

Алматы, NEGE. БО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 8 маусым күні Ақжайық ауданы Бударин ауылында болды. Сағат 11.45-те 1963 жылғы ауыл тұрғыны Жайық өзенінің ескі арнасынан қара металл жинау кезінде азамат соғысы кезінен қалған алты артиллериялық снаряд тауып алған. Бұлардың ұзындығы 30 см, диаметрі 8,5 см.

«Қазіргі кезде оқиға орнында БҚО полиция департаментінің саперлары залалсыздандыру бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Табылған снарядтар белгіленген тәртіппен жойылатын болады», – деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті