«Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жеңімпаздары анықталды

Хабар арнасында жеті ай бойы көрермендердің қызығушылығын тудырып, бейжай қалдырмаған «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы өз мәресіне жетті. Тартысқа толы, білім мен тапқырлық сынға түскен жобаның финалдық кезеңінде мықтылар анықталды.

Атырау облысы әкімдігі

Финалда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері – Өмертаев Бақдәулет пен Ренатқызы Аружан жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Төрешілер шешімімен өткен шешуші ойында атыраулық студенттер 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жобаның бас жүлдесін иеленді.

Атырау облысы әкімдігі

Айта кетейік, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері жарыс барысында бірқатар мықты қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. Атап айтқанда, олар Қазтұтынуодағы атындағы Қарағанды университетін, Назарбаев университетін, Шәкәрім университетін және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін 3:0 есебімен жеңіп, финалға сенімді түрде жолдама алды.

«Азамат» интеллектуалды бағдарламасы отандық жоғары оқу орындары студенттерінің білімін, ой ұшқырлығын және шешендік қабілетін көрсететін маңызды алаңға айналды. Биылғы маусым да көрерменге әсерлі сәттер сыйлап, нағыз білім додасы ретінде есте қалды.

Қазір оқып жатыр

Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді