Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшесі балып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:

Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:

Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.