Айтуар Қошмамбетов Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты атанды

Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаттарының қатарына қосылды, деп хабарлады Мәжіліс.

gov.kz

Алматы, NEGE. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі.

Бүгін Мәжіліс депутаты ретінде ол ант қабылдап, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Сонымен қатар Мәжілістің жалпы отырысында Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов депутат ретінде ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды