«Айтымның ары қарай араласқаны керек емес» – Шерзаттың отбасы адвокаттардан бас тартпайтынын мәлімдеді

Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымова отбасының адвокаттардан бас тартпайтынын мәлімдеді. Адвокаттардан бас тарту туралы Айтбек Амангелді хабарлаған. Алайда, Перизат Нұрымова Айтбек Амангелдінің айтқандарын жоққа шығарды. 

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Перизат Нұрымова адвокаттардың 6 ай бойы атқарған еңбегіне алғыс білдірді. Айтуларынша, Айтбек Амангелді Қаржаубайдың анасына дөрекілік танытып, орынсыз сөйлеген.

«Отбасы адвокаттардан бас тартқан жоқ. Олардың 6 ай бойы атқарған үлкен еңбегіне рахмет айтады. Бірақ, соңғы күндері болған жағдайларға байланысты Айтымның бұл істе ары қарай ат салысқаны керек емес. Айтым мырзаның жеке берген сұхбатына байланысты біршама сұрақ пайда болды. Сол сұрақтарға жауап бере кетейін. Нақтылай кетсек, Қаржаубай қорғаушылардан бас тартқан жоқ. Бұны Айтымның өзі шығарды. Оны шығару себебін өзі түсіндіре кетер. Қаржаубай Айтымның анамызға деген дөрекілігі, шамадан тыс артық сөйлегеніне байланысты ескерту берген болатын. «Іс насырға шабатын болса, екеуміз ортақ келісімге келмейтін болсақ, қорғаушылармен келісімшартты бұзамын», – деп ескертті. Бұл сөздерді Айтым мырзаның WhatsApp нөміріне жазды. Оны не себепті жариялағынын біз де білмейміз. Бұған Айтым мырзаны өзі жауап береді. Екінші сұрақ, қазіргі қорғаушылар 5 адамнан құралған деп нақты ешкімге айтқан жоқпыз. Қаржаубайдың бұрынғы адвокаттары мен қазіргі қорғаушылар істі бірге жүргізсе игі еді. Біз Саида Тәуекелова, Марал және Карина ханымға және осы құрамда жүрген барлық қорғаушыға алғысым шексіз. 6 ай бойы үздіксіз жұмыс істеу оңай емес», – деді Перизат Нұрымаова.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді