Әйгілі Роналдиньо қазақ бүлдіршіннің тұсауын кесті

Бразилиялық футболшы Роналдиньо Дубайда қазақстандық отбасымен кездесіп, бүлдіршіннің тұсауын кесті.

alislam.777/Instagram

Астана, NEGE. Әлисам есімді Instagram қолданушысы желіде тұсаукесер рәсімінен видео жариялап, әйгілі футболшының қазақтың дәстүрімен ұлының тұсауын кесіп жатқан сәтін көрсетті.

«Рахмет сізге, аңыз адамдардың ең ұлысы! Ең мықтылардың ішіндегі ең мықтысы. Құдай қаласа, ұлым да сіз сияқты ұлы әрі танымал тұлғаға айналсын деп тілеймін. Бүкіл әлем, соның ішінде Қазақстан да сізді жақсы көреді және құрметтейді», – деп ағынан жарылды баланың әкесі.

Бұған қоса, әкесі ұлының болашақта әлемге танымал, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген азамат болып өсуін тіледі.