Әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткен дипломатқа қатысты «Азаптау» бабы бойынша іс қозғалды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаштың мәлімдемесіне қатысты оқиғаға пікір білдірді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. – Біз істі азаптау фактісі бойынша қозғадық. Оның қазір қайда екенін нақты айта алмаймын. Материалдар сараптамаға жіберілді, соның нәтижесі бойынша ары қарай шешім қабылданатын болады. Жауап алу, тергеу жүргізу қажет, – деді Игорь Лепёха. 

Бұған дейін БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін тұрақты түрде ұрып-соққаны туралы ақпарат шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады