Әйелін ұрған Рахат Тұрлыханов ескертумен құтылды

Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін екінші рет ұрғаны үшін ескерту алды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Тұрлыхановқа қатысты зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша істі қарады.

"Сот өткен жылдың желтоқсан айында Т. үйде жанжал шығарып, жұбайын ұрып-соққанын анықтады. Сотта Т. кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініп, іс бойынша іс жүргізуді тараптардың татуласуы үшін тоқтатуды сұрады. Жұбайы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, Т.-мен татуласқанын хабарлады", - делінген сот хабарламасында. 

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, Тұрлыхановпен татуласқанын хабарлады.

Тұрлыханов сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту берілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін