Әйелін 10 жыл бойы сабап келді деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш қамалды

Былтыр Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаш әйелін жүйелі түрде ұрып келді деп айыпталған болатын.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл оқиғаға қатысты елорданың полиция департаменті мәлімдеме жасады.

— Өткен жылы бұрынғы елші кеңесшісіне қатысты жұбайына жүйелі түрде қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар кешені жүргізілді, — делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, жедел тергеу және сараптама нәтижесінде экс-дипломаттың ісіне қатысты айтарлықтай дәлел жиналған.

— Тергеу нәтижесі бойынша күдікті Сәкен Мамашқа қатысты тергеу соты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, — дейді елорда полиция департаментінен.

Сотқа дейінгі тергеу мүддесіне байланысты аталған іске қатысты басқа мәліметтер жария етілмей отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр