Әйелін 10 жыл бойы сабап келді деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің экс-кеңесшісі Сәкен Мамаш 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұрынғы әйелі Карина Мамаш оны ұрып-соғу, қорлау және күш қолдану әрекеттері үшін айыптаған болатын. 

Сот процесі жәбірленуші тараптың өтініші бойынша жабық форматта өтті. Журналистерге үкім жарияланған соңғы отырысқа қатысуға рұқсат берілді. Карина Мамаш бұл шешімді балаларының отбасылық өмірге қатысты интимдік деректерден қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылдағанын айтты. 

Сәкен Мамаш ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (азаптау) бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды.

Сондай-ақ ол дипломатиялық дәрежесінен айырылатын болды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді