Әйелдер боксынан «Мықтылар турнирінің» үздіктері анықталды

Әйелдер боксынан Қарағандыда аяқталған "Мықтылар турнирінің" үздіктері белгілі болды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың "Ең үздік боксшысы" атағын әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алуа Балқыбекова иеленді.

"Жеңіске деген жігері үшін" аталымына жас боксшы Ангелина Витова лайық болды.

"Үздік бапкер" сыйлығы Долкунжан Камековке берілсе, "Үздік төреші" атағын Данара Ахметова жеңіп алды.

Айта кетелік, "Мықтылар турнирінің" қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы Қазақстан құрамы жасақталады.

Әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас бапкері - Елдос Сайдалин.

Қазір оқып жатыр

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі