Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші жары – Сара Назарбаева 85 жасында дүниеден өтті деген ақпарат тараған болатын.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аталмыш хабардан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Сара Алпысқызы қайтыс болды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«БАҚ тарапынан түскен көптеген сауалға жауап бере отырып, мынаны хабарлаймын:
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді,» – деді Айдос Үкібай.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?