Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Сара Назарбаева сәуірден бері Алматыдағы президент істері басқармасына қарасты ұлттық медицина орталығында емделіп жатыр, деп хабарлады Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. 

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. «Барлық медицина шаралары медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес отандық мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр», – деп жазды Үкібай.

Ол соңғы кезде Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты жалған деректер жарияланып жатқанын айтып, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Назарбаеваны емдету үшін Швейцарияға алып кетті деген ақпарат тараған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты