Айдос Сарым: Жаңа Конституцияның 3-бабы – мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі

28 ақпанда Жаңа Конституция жобасын талдауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебат өтті.

referendum_2026

Дебатта сөз алған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 3-баптың мән-маңызына тоқталып өтті.

«Жаңа Конституцияның 3-бабы – мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі.

Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген.

Құжат адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық келісімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды және білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындайды.

Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді», – деп атап өтті спикер.

Қазақстанда 15 наурызда жаңа Конституцияның тағдырын шешетін референдум өтеді.  Референдумда «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылады.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр