Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Айдос Рысбаев 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған.

– 1998 жылдан 2003 жылға дейін Астана қаласы ІІБ криминалдық полициясында қызмет атқарды

– 2005 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласының полиция департаментінде түрлі басшылық лауазымдарда болды

– 2019-2022 жылдары Нұрсұлтан қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары

– 2022 жылдан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы

– 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті