Айдын Рахымбаев BI Group-тың салық дауына қатысты жауап берді

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев компанияға қатысты салықтық талаптар жайлы жағдайға түсініктеме беріп, мәселе негізінен арнайы салық режимінде жұмыс істейтін мердігерлерге қатысты екенін атап өтті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Салық талаптары көбінесе BI-дан төлемдер алатын және арнайы салық режимін қолданатын біздің мердігерлердің жұмысына байланысты екені анықталды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған 11,9 млрд теңге дұрыс түсіндіріліп жатқан жоқ: бұл төленбеген салық емес, BI-мен жұмыс істейтін мердігерлердің айналымы. Осы айналымнан салық төленуі тиіс еді. Ал бұл, өздеріңіз түсінгендей, мүлде басқа сома», – деді Айдын Рахымбаев. 

Сондай-ақ Рахымбаев BI Group «бөлшектенеді» деген шағымға да жеке жауап берді:

«BI немесе саладағы кез келген басқа ірі компания құрылымында компаниялардың көп болуы ҚР Тұрғын үй саласындағы үлестік қатысу туралы заңға байланысты. Онда әрбір тұрғын үй кешенінің құрылысы үшін жеке заңды тұлға құрылуы тиіс делінген».

Бұған дейін Қаржы министрлігі Bazis-A және BI Group құрылыс компанияларына сәйкесінше 4,6 млрд және 11,9 млрд теңге көлемінде салық салынатын табысты төмендету фактісі бойынша хабарлама жолдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған