Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсету сайысында чемпион атанды. 

Спорт комитеті

Алматы, NEGE. Құрлықтық додада ол 28.150 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Аталған сайыста өзбекстандық Наталья Усова (27,55 ұпай) екінші, жапониялық Рейна Матсусаки (27,2 ұпай) үшінші орын алды.

Бұл сайыста тағы бір қазақстандық Айым Мейіржанова 27.000 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Айбота бұдан жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, қола медаль алған еді.

Айбота Ертайқызы 2004 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол 2024 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен құрлықтық додада чемпионы атанған еді. Сондай-ақ бірнеше мәрте күміс және қола жүлдеге қол созды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған