Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы ресми өкілі Айбек Смадияров Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

@aibeksmadiyar/Instagram

Астана, NEGE. Айбек Смадияров 2018 жылы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде жұмысын бастап, сегіз жыл бойы ведомствоның ресми өкілі ретінде елдің сыртқы саясаттағы ұстанымдарын жұртшылыққа тұрақты түрде түсіндіріп келді.

Әріптестері мен журналистер оның кәсіби қызметі мен жеке қасиеттерін жоғары бағалайды. Себебі Смадияров мемлекеттік органның мүддесін қорғаумен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым ашық әрі нақты мәлімет беріп отырды. Ол өткір әрі күрделі сұрақтардан қашпай, тұрақты түрде апталық брифингтер өткізу тәжірибесін енгізді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты