Айбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов Странджа кубогын жеңіспен бастады

София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық "Странджа кубогы" турнирі өтуде. Қазақстандық Айбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жектерін өткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. 92 келіден жоғары салмақта сынға түскен Оралбай алғашқы раундта-ақ пәкістандық Тахир Вахабты нокаутпен жеңді.

Ал 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрдәулетов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы өзбекстандық Акмолжон Исроиловпен кездесіп, бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрбек Оралбай (86 кг) болгариялық Мануэль Жечевті жеңген болатын.

Қазір оқып жатыр

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты