Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына өтті

Бүгін, Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалында бақ сынады

gov.kz

Алматы, NEGE. Ол  қарсыласы  Жахонгир Закировті 5:0 есебімен жеңіп, әрі қарай финалға жолдама алды. Жартылай финал қорытындысына сәйкес, Қазақстан ерлер құрамасының 9 боксшысы финалдық бәсекеге жолдама алды.

Финал 11 желтоқсан күні өтеді.