Айбек Оралбай – әлем чемпионы!

Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатында аса ауыр салмақта жұдырықтасқан Айбек Оралбай алтын медаль жеңіп алды.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Аса ауыр салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы әлемдік доданың финалында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырықтасты. Төрешілер алғашқы екі раунды өзбек боксшысына бергенімен, үшінші шешуші раундта Айбек оралбай жеңісті жұлып алды.

Өйткені өзбек боксшысы қашқаннан басқа түк бітірмеді. Тіпті капасын (тіс қорғанышы) да әдейі түсіріп жіберіп, уақыт созуға тырысты. Мұны төрешілер дұрыс байқап, үшінші раунды Айбектің еншісііне жазды.

Осылайша А.Оралбай Қазақстан құрамасына жетінші алтынды әперіп, құраманы бірінші орынға шығарды.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты