Айбек Айтбеков пен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков өз салмағында үздік үштікке енді. Айбек кіші финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировтің еншісінде.

87 келі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді. Тағы бір қола медальді Грузия балуаны иеленген.

Еске салайық, бүгін тағы екі қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады