«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр
«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр.
Алматы, NEGE. ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек.
Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.
Еске салайық, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.