Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің аты-жөні мен фотосы жарияланды

Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді деген күдіктінің суреті

YEDILOV ONLINE телеграм каналында жарияланды. 

Алматы, NEGE. Телеграм каналдағы деректерге сенсек, күдіктінің аты-жөні – Рахманберді Төребеков. Ол 11 сәуірде 28 жасқа толады. Мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында фармацевт мамандығы бойынша оқыған.

«ВК -дағы статусында «Өмірге күлімдеңіз-ол сізге жауап ретінде міндетті түрде күледі» деп жазған, – деп хабарлайды YEDILOV ONLINE.