Аязға байланысты автобустар тоқтады
Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты кейбір автобустар тоқтады.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Тек елорда маңында ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тас жолдарда қозғалыс шектелді
Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы City Transportation Systems көлік компаниясы Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30... – 38 градус) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Қала маңына қатынайтын қалған бағдарлар линияда.
Бұған дейін аязға байланысты Нұр-Сұлтаннан барлық бағыт бойынша шығуға шектеу қойылған еді. Шектеу 2 қаңтардан республикалық маңыздағы автожолдардың бағыттары бойынша енгізілді.