Аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар мектепке бармайды
Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар ауданда аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар онлайн оқиды.
Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 ақпанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда аязға байланысты кейбір аудандардағы бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқитын болды. «Алтай, Бесқарағай, Күршім және Тарбағатай аудандарында 1-4 сыныптар мектепке бармайды. Сондай-ақ Көкпекті ауданында ауа температурасының 32 градусқа төмендеуіне орай 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүргені хабарланған болатын.