Аяз ата балаларға кәмпит орнына темекі таратқан

Аяз ата кейпіндегі белгісіз ер адам балаларға кәмпит орнына снюс (темекінің сорғыш түрі) ұсыныпты.

Алматы, NEGE. «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Пенза қаласындағы №1 гимназияның жанында Аяз Ата кәмелетке толмаған жасөспірімдерге снюс үлестірген. Ол соратын темекі түрін кәмпитке жасырыпты.

Ресей билігі бірнеше жыл бұрын снюс саудасына тыйым салғанымен, кейбір сауда орындары оны әлі күнге сататын көрінеді. Өндірушілер темекінің орнына таза никотин немесе никотині бар заттар салады. Ресейдің Мемлекеттік думасы құрамында никотині бар сорғыш және шайнайтын өнімдерді сатуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруда.

Соңғы кездері ақпарат құралдарында осындай никотинді тәттілерден балалардың уланып қалғаны туралы деректер көбейіп барады. Мұндай өнімге әсіресе жас балалар үйірсек келеді екен. 2019 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан снюс өнімдерін әкелуге, сатуға және пайдалануға уақытша тыйым салды.

 

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы