Аян Бейсенбаев дуатлоннан Бахрейінде өткен Азия чемпионатында топ жарды

Триатлоннан Қазақстан командасының мүшесі Аян Бейсенбаев дуатлоннан Азия біріншілігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Астана, NEGE. Бахрейн астанасында өткен дуатлоннан құрлық додасына Австралия, Бахрейн, Иордания, Қазақстан, Нидерланд, БАӘ және Филиппин спортшылары қатысты. 

Қазақстан атынан Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров бақ сынаған болатын. Қатысушылар 10 шақырымға жүгіруден, 40 шақырымға велосипедпен жарысу және тағы 5 шақырымға жүгіруден өзара мықтыларды анықтады. 

Ерлер арасындағы бәсекеде ақмолалық Аян Бейсенбаев жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Екінші орында австралиялы Самуель Майлхэм, үшінші сатыда нидерландтық Томас Кремерс. 

Айта кетелік, Темірлан Теміров 8-ші, Мейірлан Ысқақов 10-шы орынға табан тіреген. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды