Аян Байғазы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Қазақстандық дзюдошы Аян Байғазы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Бұл күндері Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ұлдар арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының мүшесі Аян Байғазы жұбаныш финалына жолдама алды. Ол жұбаныш белдесуінде франциялық Эмир Жанфоуиды иппон ұпайымен жеңді. 

Айта кетерлігі, Аян Байғазы ширек финалға дейін Моңғолия және Бельгия спортшыларынан басым түсті. Алайда әлем біріншілігінің жартылай финалының жолдамасын сарапқа саларда Георгий Шерзадишвилиден ұтылып, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты